2007 жылы Қазақстанда 77,2 млрд кВт электр қуатын өндіру жоспарлануда - энергетика министрі

"Жылдық жоспарға сәйкес республикада электр қуатын тұтыну 6 пайыздық өсіммен 76 млрд кВт; өндіру - 8 пайыздық өсіммен 77,2 млрд кВт; экспорт - 111%, 4,1 млрд кВт; Ресей Федерациясынан және Орта Азия елдерінен импорт - 2,8 млрд кВт, немесе өткен жылмен салыстырғанда 72 пайызды құрап отыр", - деді А. Сатқалиев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы тұтыну мөлшері өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 27 млрд кВт-ты, өндіру - 27,6 млрд кВт-ты құрап отыр. "Экспорт 1,3 млрд кВт-ты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34% өсті, Ресей Федерациясынан импорт 30 пайызға өсіп 600 млн кВт, Орта Азиядан - 91 пайызға өсіп 200 млн кВт-ты құрады", - деді вице-министр.

Ол сондай-ақ осы төрт айдағы тұтыну көлемінің ең қарқынды өсуі Алматы энерготорабында 6%, Ақмола облысында - 14%, Солтүстік Қазақстан облысында - 11,4% және Маңғыстау облысында - 14,8% болғандығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті