АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметінің болжамы бойынша, 2007 жылы республикадағы адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі 6560 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
"2007 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 8,6 пайызды құрайды деп күтілуде, бұл адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемін 6560 АҚШ долларына дейін жеткізуге мүмкіндік береді",- деп көрсетілген премьер-министрдің қаулысымен мақұлданған республиканың үкіметі мен Ұлттық банкінің 2007 жылғы экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары мен экономикалық көрсеткіштерінің болжамы туралы мәлімдемелерінде.
Құжатқа сәйкес, өнеркәсіптік өндірістердің орташа жылдық өсуі 2007 жылы 7,2 пайызды құраса, жалпы ауыл шаруашылық өнімі 3,2 пайызды құрайды.
Негізгі капиталға қаржы салымы 2006 жылмен салыстырғанда 15 пайызға өспек. Тауар экспорты 33,3 млрд АҚШ долларын, импорт 27,2 млрд АҚШ долларын құрамақ.
"2007 жылы ең төмен зейнетақы көлемі 10 236 теңгеге, ең төмен жалақы - 9752 теңгеге, ал нақты жалақы 2006 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға өседі",- деп көрсетілген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті