"Соңғы үш жылда республикада астық тұқымдастардың өндірілуі оның алдындағы үш жылмен салыстырғанда 17% өсіп, 2007 жылы 20,1 млн тоннаны құрады", - деді А. Буць.
Бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы 29-қараша күні ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі А. Құрышбаев Екінші астық форумы барысында 2007 жылы астық түсімі таза салмағымен 20 млн тоннадан артық болады деп болжаған болатын. "Астық түсімі өңдеуден кейінгі таза салмағы 20,1 млн тонна, оның ішінде бидай 16,6 млн тоннаны құрайды деп ойлаймыз", - деген еді сол кезде А. Құрышбаев.