2007 жылы Қазақстандағы астық 2006 жылғыдан кем болмайды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

"Негізгі астықты аймақ - солтүстік өңірдегі күзгі ылғалдылық пен қардың қалың түсуіне қарағанда, біз түсім 2006 жылғыдан кем болмайды деп үміттенеміз",- деді ол.

"Біз 2006 жылы экспортқа 6,2 млн. тонна астық, соның ішінде 1,6 млн. тонна астық эквивалентімен есептелген ұн шығардық",- деді ол. 2005 жылы Қазақстан 2 млн. тонна астық, соның ішінде 1,3 млн. тонна астық эквивалентімен есептелген ұн экспорттаған. "Нақты экспорт екі есеге өсті",- деді ол.

Қазақстандағы 2006 жылғы астықтың бункерлік салмағы 18,5 млн. тоннаны, ал өңдеуден кейін 16,2 млн. тоннаны құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті