Сонымен қатар, С. Айсағалиева өткен жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республиканың транзиттік дәліздеріне мониторинг жүргізгендігін атап өтті. "Осы күнге дейін Қазақстан - Ресей федерациясының шекарасы, Қорғас - Бішкек, Қорғас - Ташкент арасындағы транзиттік автомобильдік көлік дәліздеріне мониторинг жүргізілген. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстанда көлік дәліздеріне мониторинг жүргізілді",- деді ол.
Қазақстанның кәсіпкерлер форумының 2006 жылғы қызметін қорытындылаған есептегі зерттеудің нәтижелерінде көрсетілгендей,"көлік құралдарының шекарада бөгелетін жалпы уақытының 4 пайызы ғана тікелей кедендік рәсімдеуге кетеді. Ал қалған уақыт шекарадағы басқа қызметтердің іс-қызметіне байланысты",- деп айтылған.
Сондай-ақ, "Қорғас - Бішкек дәлізіндегі көліктердің нақты жылдамдығы сағатына 16 шақырым болса, Қорғас - Ташкент дәлізінде сағатына 23 шақырымды құрап отыр". Ал, зерттеуге сәйкес Қазақстанның өз ішінде көліктер ең көп тексерілетін аралық - Қорғас - Алматы бағыты, бұл бөлікте жиі тексеруге шығатын көлік бақылауы көліктердің көп бөгелуіне себеп.
Мониторингіге жүргізушілерден сұхбат алу, бақылаушылардың көлік дәліздері арқылы жүріп өтуі, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар мен кедендік брокерлерге сауалнама жүргізу, уақытша сақтау қоймасына мониторинг жүргізу қамтылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті