2007 жылы ҚР Ұлттық қорына түскен қосымша түсімдер 113,9 млрд теңгені құрайды

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына құйылған қосымша түсім 113,9 млрд теңгені құрайды, оның ішінде мұнай саласындағы кәсіпорындар тізімін кеңейту есебінен 24 млрд теңге, макроэкономикалық көрсеткіштерді өзгерту есебінен 39,6 млрд теңге, басқа да факторлардан 50,3 млрд теңге түскен",- деді М. Құсайынов.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2007 жылдың республикалық бюджеті түзетілетін болады. Атап айтқанда, бюджет тапшылығын 126 млрд теңгеден 271,2 млрд теңгеге (Ішкі жалпы өнімнің 2,2 пайызы) дейін өсіру жоспарланған. Бюджет түсімі 76,5 млрд теңгеге өсіп, 2088,1 млрд теңгені, немесе ЖІӨ 16,8 пайызын құрайды. Бюджеттің шығыс бөлімі 2359,2 млрд теңгені (ЖІӨ 18,9 пайызын) құрайды. Экономика министрлігі осы жылы Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 9,7 пайыз болады деп болжап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті