"Бүгінгі нәтиже көрсеткендей, сайлауға келгендер саны өткен сайлаулардағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6%-ке артық", - деді бүгін өткен брифингте ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев.
Оның еске салып өткеніндей, 2004 жылы мәжіліс депутаттарының сайлауына сайлаушылардың 56,8% қатысса, 2003 жылы мәслихат депутаттарының сайлауына - 56,4% қатысқан.
18.00 сағаттағы жағдаймен елімізде сайлаушылардың 58% дауыс берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті