"Департаментте өткен жылы тәртіптік кеңестің 35 отырысы болып өтті. 108 қызметкерге қатысты 84 мәселе қаралды. 34 адам ішкі істер органдарынан қуылды, 4 адам қызметтерінен босатылды, тағы төрт адам арнайы дәреже бойынша бір сатыға төмендетілді, 33 қызметкерге қызметтеріне лайықсыз екені ескертілді. Ал қалған кінәлі қызметкерлерге қатысты тәртіптік басқа да шаралар қолданылды", - деп хабарлады О. Иманмадиев.
Оның айтуынша, комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстарына сәйкес, тәртіптік жауапкершілікке 35 басшы тартылған. Оның екеуі қызметтерінен босатылса, 7 адам қызметке жеткілікті деңгейде лайықсыздығы жөнінде ескертіліп, 12 басшыға қатаң сөгіс жарияланды.
О. Иманмадиевтың мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың басынан бері тәртіптік комиссияның төрт отырысы болған. "Отырыс барысында полицияның 38 қызметкеріне қатысты 14 мәселе қаралды. Оның төртеуі ішкі істер органдарынан қуылса, біреуі қызметінен босатылған. 1 адам бір сатыға төмендетіліп, сегіз адам қызметке жеткілікті деңгейде лайық емес екендігі жөнінде ескертілген. Ал қалған айыпты қызметкерлерге қатысты басқа да тәртіптік шаралар қолданылды", - деп хабарлады ІІД бастығының орынбасары.