Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 96,4%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 3,6%. 2007 жылдың 1-ші қаңтарында бұл арақатынас 95,3% және 4,7% құраған болатын.
2007 жылдың желтоқсанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 216,5 млрд. теңге құрады (өсім 2006 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 51,3%). 2007 жылдың желтоқсан айында транзакциялардың саны 9,5 млн. транзакцияны құрап, 2006 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 31,8%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1,4 млн. транзакцияға дейін немесе 48,6%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (8,1 млн транзакцияға дейін немесе 29,4%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 19 банк және "Қазпочтасы" АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card - "Қазақстанның Халықтық Банкі" АҚ, SmartAlemCard -"ТуранАлем банкі" АҚ, "Каспий банкі" АҚ, TemirCard - "Темiрбанк" АҚ, "Сити банкі" АҚ, "Цесна банкі" АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard - "Казпочта" АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.