2007 жылы Украина Қазақстанға екі ұшақ сатпақ

"Біз Қазақстан Республикасының басшысымен Қазақстанға біздің ұшақтарымызды сату туралы, сонымен қатар Қазақстан Республикасында АН сериялы ұшақтарға қызмет көрсету орталықтарының желілерін құру туралы мәселелерді талқыладық", - деді В.Янукович журналистерге.

"2007 жылы Қазақстанға бірінші рет екі ұшақ сатылмақ",- деп атап өтті ол.

"Біз бүгін Украинаның тұңғыш АН-148 ұшағының тұсаукесерін өткіземіз. Ұшақты сертификаттау шарасы 2007 жылдың басында аяқталағаннан соң, ол сериялы өндіріле бастайды", - деді Украина премьер-министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті