2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына сәйкес, Ұлттық банк басқармалары 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдың 9 процент деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды, басқаша айтқанда, өзгеріссіз қалдырылды",- делінген банк хабарламасында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық банкі 2006-жылдың 1-сәуірінен бастап қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 8%-тен 8,5%-ке дейін, 1-шілдеден бастап ол 9%-ке дейін көтерілді. Ставканы көтеру жөніндегі шешім "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына сәйкес және инфляция деңгейінің көтерілуіне байланысты қабылданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті