Банк басшысының айтуынша, 2007 жылғы ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының өсу үрдісі байқалды.
Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 123,20 теңге - 126,25 теңге ауқымында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 1,7% (жыл басынан бері 2,2%-ға) нығайды және ақпанның соңында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 124,21 теңгені құрады.
Ақпанда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда қаңтардағымен салыстырғанда 33,7% азайып, 4,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері -10,4 млрд. долл.).
Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 15,9% азайды және 8,9 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері - 5,3 млрд. долл.).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті