"Келесі селекторлық жиында біз қаржы нарығын дамытуға қатысты қосымша мәселелерді қараймыз",- деді К.Мәсімов. Ол қаржы министрі Наталья Коржоваға "жеке тұлғаларға арнап қаржы нарығын дамыту жөніндегі президент жолдауында айтылған тапсырманы орындауға қатысты ахуал туралы келесі сенбіге дейін хабарлауды" тапсырды.
"Мемлекеттің қатысуымен құрылған компаниялар акцияларының қайсысын ликвиді немесе болжамды ликвидті қоржын ретінде сәуір айында тұрғындарға сатуға болатындығы жөнінде екі-үш күннің ішінде нақты жауап беруді сұраймын",- деді үкімет басшысы. "Мүмкін біз бұл жұмысты бір-екі компаниядан бастайтын шығармыз",- деді К.Мәсімов.
IPO (Initial Public Offering) - акцияларды бірінші рет жариялы сату.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті