"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 21-қарашада алғашқы оқылымда қарайды

Жоспарға сәйкес, "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламентте алғашқы және екінші оқылымда қарауға бағытталған палаталардың бірлескен отырысы 21 және 27-қарашаға белгіленген.

"Біз парламент мәжілісінің бюросына тиісті қорытындыны 27-қазанда таныстырамыз, ал 8-қарашада қос палатаның бірлескен отырысы өтеді. Демек, бұл мәселе одан әрі сенатта талқыланады",- деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев бүгін заң жобасының тұсаукесерінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті