"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 21-қарашада алғашқы оқылымда қарайды - толықтырылған нұсқа

Жоспарға сәйкес, "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламентте алғашқы және екінші оқылымда қарауға бағытталған палаталардың бірлескен отырысы 21 және 27-қарашаға белгіленген.

"Біз парламент мәжілісінің бюросына тиісті қорытындыны 27-қазанда таныстырамыз, ал 8-қарашада қос палатаның бірлескен отырысы өтеді. Демек, бұл мәселе одан әрі сенатта талқыланады",- деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев бүгін заң жобасының тұсаукесерінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын үкімет 24-тамызда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті