2007-жылға дейін Қазақстан армиясының 65 проценті борышын келісім-шарт негізінде өтеушілерден құралады - ҚР қорғаныс министрі

"Бұл мәселеге біз 2007-жылы қайта айналып соғып, проблемалар мен кемшіліктерді зерттеу негізінде мөлшерді көбейткен жөн бе, әлде , осы деңгейде тұрақтандыру дұрыс па деген тұжырым жасаймыз",- деді ол. "Қазіргі жағдаймен әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен оның сапасы арта түскені ғана түсінікті",- деді министр.

Оның айтуынша, қазір "әскери борышын келісім-шарт негізінде өтеушілердің үлес салмағы 40 процентті құрап отыр. Ал қызметке кіріскен әскер бірден 21-23 мың теңге мөлшерінде жалақы ала бастайды".
Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, "армияны жаппай келісім-шарт негізіне көшірудің қажеті шамалы". "Келісім-шартқа көшуде кейбір қиындықтар туындайтыны рас. Ол - резерв дайындау. Сол себепті әскери борышын мерзімді өтеушілердің біраз проценті қалғаны дұрыс",- деді М.Алтынбаев.