"Аталмыш бағдарламаларға арналған қаржы көлемі биылғымен салыстырғанда 126 млрд. теңгеге немесе 24 процентке артты",- деді М.Құсайынов. Оның айтуынша, президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауына сәйкес орта мерзімді фискалдық саясат пен мемлекеттің салалық бағдарламаларында 2007-жылғы бюджет қаржысы жұмсалатын басым бағыттар ретінде мыналар айқындалған: білім және ғылым саласын дамыту, денсаулық сақтау саласын дамыту, ауыз су қамтамасыздығы, тұрғын үй құрылысы, ғарыштық қызмет, ауылшаруашылығы және ауылдық аумақтар, көлік инфрақұрылымы, "электрондық үкіметті" қалыптастыру аясындағы ақпараттық жүйелер, Астананы дамыту және басқа да салалар.