"2007-жылдың күзінде өтетін мәслихат депутаттарының кезекті жалпы сайлауында біз учаскелердің 20 процентінде автоматтандырылған сайлау жүйесін пайдалануды жоспарладық",- деді бүгін өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Оңалсын Жұмабеков.
Конституцияға сәйкес, мәслихаттарды тұрғындар жалпыхалықтық тікелей әрі тең сайлау құқығының негізінде құпия дауыс беру арқылы төрт жыл мерзіммен сайлайды. Мәслихат депутаттарының сайлауы елімізде 2003-жылдың күзінде өткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті