2007-жылы Қазақстан қызмет көрсету нарығына жаңа GSM-1800 жиілігін шығарады

Үкімет басшысы Қазақстандағы қазіргі ұялы байланыс нарығы бәсекеге мүмкіндік бермей отыр деп атап өтті. "Біз қазір GSM стандарты аясында жұмыс істейтін ұялы байланыс компанияларының қуатын арттыру мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз",- деді ол.

Сонымен бірге үкімет басшысының айтуынша, "CDMA-450 жүйесі ауылдық жерлердегі ұялы байланыс жүйесі ретінде жұмыс істетейін болады. Бұл мақсат 2006-жылдың орта шеніне таман шешіледі".