"Қазір біз Теңіз кенішіндегі өндіріс қуаттылығын арттыру жөніндегі ауқымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Соның нәтижесінде біз мұнай өндіру мөлшерін 2 есе арттыра аламыз",- деді Дэвид ОРайли.
Оның айтуынша, өндіріс қуаттылығын арттыру жобасы 2007-жылы аяқталады.
"Қазақстан президентімен кездесу барысында корпорацияның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды",- деді компания директоры.
2005-жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Теңіз кенішінде 3,5 млн. тонна мұнай өндірілді.
Қазіргі таңда ТШО акционерлерінің қатарында ChevronTexaco Overseas (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), "ҚазМұнайГаз" АҚ (20%), LUKArco Бірлескен кәсіпорны (5%) бар.