2008 - 2009 жылдары Шанхай ынтымақтастығы ұйымына Ресей төрағалық жасайды

"Төрағалық кезіндегі басты шара - Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшыларының кеңесінің отырысын өткізу болып табылады. Ресей президенті айқындап берген өңірлердің сыртқы саясатына белесе араласуы жөніндегі бағдарға сәйкес, Ресей үкіметі Свердловск облысы басшылығының ұйымға мүше елдердің үкімет басшыларының отырысын 2009 жылы Екатеринбургте өткізу туралы бастамасын қолдады", -деп хабарлайды хатшылықтың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңесінің отырысын өткізу үшін Ресей президентінің бұйрығымен Ресейдің 2008 - 2009 жылдары Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төрағалық жасауын қамтамасыз ету және оған дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылып, ұйымдастыру комитеті жөніндегі ереже бекітілді, ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып Ресей президентінің көмекшісі Сергей Приходько тағайындалды.