"Мүдделі органдармен келіскеннен кейін Әділет министрлігі аталмыш жобаны үкімет қарауына келесі жылдың басында енгізуді жоспарлап отыр",- деді Айдын Дүйсекеев.
Ол Қазақстанда нәтижесі табысты деп танылған ювеналдық әділет жүйесін енгізу жөніндегі пилотты жобаның жүзеге асырылғандығын еске сала кетті. Пилоттық жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша "үйлестіру кеңесі мен жұмыс тобы" құрылған болатын. Олардың жұмыс нәтижелері Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған Ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу болып табылады.
"Әділет министрлігі аталмыш тұжырымдаманың жобасын қарашаның аяғында үкіметке ұсынған болатын. Үкімет мүдделі мемлекеттік органдарға жобаны үкіметке заңмен бекітілген тәртіп бойынша енгізуді тапсырған",- деп атап өтті А. Дүйсекеев.
Сондай-ақ, оның пайымдауынша, "қылмыстық-атқару жүйесінде ювеналдық әділет жүйесін жүзеге асыру үшін қылмыстық-атқару жүйесінің штаттағы қызметкерлерінің санын 361-ден 1183 бірлікке өсіре отырып, олардың жүктеме нормаларын сәйкестендіру керек, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін 426 маманнан тұратын қосымша штат қарастыру қажет".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті