2008 жылдан бастап Интернетке қосылу жылдамдығы секундына 256 килобиттен кем болмауы тиіс - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары

"Біз байланыс операторларымен жеткілікті деңгейде ауқымды жұмыс істеудеміз. Сондықтан, келер жылдан бастап Интернетке қосылудың ең төменгі жылдамдығы Халықаралық электр байланысы орталығының негіздемелік құжаттарына сай, яғни, секундына 256 килобит болуы керек", - деді Асқар Бишіғаев.

Төраға орынбасары: "тарифтер - бұл Интернетке жалпы қоғамдық қосылудың маңызды құрамдас бөлігі, алайда оған қосылудың маңызды факторы оның жылдамдығы", - деп атап көрсетті. "Сондықтан, келер жылдан бастап аталмыш қызмет түріне шетел мемлекеттерінің пайдаланып жатқан тәжірибесі негізінде параметрлер енгізетін боламыз", - деп сөзін жалғастырды ол.

"Англияда, АҚШ-та, Сингапур немесе Жапонияда сіз еркін және айтарлықтай төмен бағаға қазір Қазақстанда сіз пайдалана алмайтын қызметке ие боласыз. Мысалы, сіз фильмді бірнеше минут ішінде көшіріп ала аласыз. Ал біздің Интернет арналарымызда бұған тәулігіңізді сарп етесіз", - деді А. Бишіғаев.

"Осы себепті Қазақстанның байланыс операторлары жаңа технологиялық деңгейге көтерілулері қажет екендігін түсінулері тиіс", - деген ойда төраға орынбасары.

Ол теміржолдағы байланыс операторы "Транстелеком" Ресей мен Қытайға шыға алатын өткізу жылдамдығы тәуір магистральды арна салғанын атап өтті.

"Біз тағы бірнеше байланыс операторларының жоспарларымен таныспыз. Мысалы, "Қазтранском". Өз қаржыларын оптикалы-талшықты магистралдық байланыс желілерін салуға жұмсап отырған одан да басқа жеке операторлар бар. Мұндай арналардың ақпарат өткізу жылдамдығы 2 кейде тіпті біз қазіргі күні пайдаланып отырған арнадан 100 есе күшті. Бұл өте маңызды қадам", - деді А. Бишіғаев.

"Біз республикамызда Интернетке магистральдық қосылу саласында бәсеке туындап келе жатқанын көріп отырмыз", - деп сөзін қорытындылады ол.