2008 жылдан бастап Қазақстан армиясы коммерциялық құрылымдармен 3 жылдық келісім-шарт жүйесіне көшеді

"ТМД елдері арасында біз Қарулы күштерді азық-түлікпен қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне бірінші болып көшіп отырмыз. Бүгінде Қарулы күштеріміздің асханалары толығымен коммерциялық ұйымдарға беріліп, олар сарбаздардың тамақтануын толық мойнына алып отыр. 2008 жылдан бастап біз коммерциялық құрылымдарымен үш жылдың келісім шарт-жасасу жүйесіне көшетін боламыз" - деді ол.

Қорғаныс министрлігінің өкілі атап өткеніндей, бүгінде мұндай келісімдер 1 жылға ғана жасалады, сондықтан "коммерсанттар, келесі тендерді жеңіп алатындарынан хабары болмағандықтан, дайындалуға уақыттары болмайды".

"Алдағы жылдан бастап олар өздерінің жұмыстарын үш жылға жоспарлап отыратын болады. Соның негізінде, олар өздерінің қызмет көрсетулерінің өзіндік құнын, өздері өсірген малдың, көкөніс, жеміс- жидектің бағасы есебінен төмендетуі мүмкін", - деп санайды ҚР Қарулы күштері тыл бастығының орынбасары.

Оның пікірінше, мұндай жүйе арқылы "коммерциялық ұйымдар пайдаланып отырған өнімдердің сапасы көтеріледі ".

М. Жұмағазиевтың берген бағасы бойынша, "Қарулы күштердегі тамақтануды ұйымдастыру жұмысы коммерциялық құрылымдарга берілгеннен кейін, армияның әскери дайындығы жақсарды, өйткені, бұдан бұрын сарбаздар шаруашылық жұмыстарға жұмылдырылып, асханада кезекшілік міндетін атқарып келген болса, енді осы уақытты олар әскери дайындыққа жұмсай алады".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті