2008 жылдың алғашқы 5 айында Астанада 216 рет өрт болған - өрт сөндіру қызметі департаменті

"Ағымдағы жылдың 5 айында Астанада 216 мәрте өрт болды. Одан келген материалдық шығын 6 млн 613 мың теңгені құраса, 6 адам құрбан болды", - деді Б. Құтпанов.

Оның айтуынша, өрт саны 2007 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 29,9 пайызға, шығын - 88,2 пайызға, құрбан болған адамдар саны 2,5 есе азайған.