19 ақпанда Алматыда "MediaPort" ақпараттық ресурсы "Ұялы байланыстың 2008 жылғы даму ағымдары" атты форум өткізді, онда ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, "Қазақтелеком"АҚ, ұялы байланыс және зерттеуші компаниялардың өкілдері ұялы байланыстың ағымдағы жылғы даму перспективасын талқылады.
"Нарық қатысушыларының пікірінше, 2008 жылы абоненттік базаның белсенді өсуінің соңғы кезеңі аяқталады. Атап айтсақ, екінші жарты жылда ұялы байланысты тұтынушылар санының өсімі баяулайды деп болжануда. 2008 жылдың аяғында Қазақстанда ұялы байланыстың таралу деңгейі 100% жетуі мүмкін", -деп хабарлайды "MediaPort".
"Өткен жылы Қазақстанда ұялы байланысты тұтынушылардың жалпы саны 65%-ға өсіп, 13 млн абонентке жетті. Таралу деңгейі жалпы халық санының 87% құрады", -делінген хабарламада.