"2008 жылдың бірінші қаңтарынан бастап табиғи газ бағасы қымбаттамайды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мұндай рұқсатты ешкімге берген жоқ және осыған қатысты барлық хаттар кері қайтарылуға тиіс", -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.
Сонымен бірге ол "барлық өңірлер бойынша электр қуатымен қамтамасыз етуші және оны жалғастырушы ұйымдарға тарифтерді көтеруге рұқсат берілмейтін болсын", деді.
"Бірінші тоқсанда баға қымбаттатылмайды", -деп шегеледі Кәрім Мәсімов.