2008 жылдың маусымында Қазақстан Республикасындағы инфляция 1,2% құрады

Агенттік мәліметінше, маусым айында азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, (жыл басынан бері 8,1%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%-ға (тиісінше 3,8%-ға), ақылы қызметтер - 0,8%-ға (4,2%-ға) қымбаттады.

Инфляцияның жылдық көрсеткіші 20% құрап, азық-түлік тауарлары 29,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,6%-ға, ақылы қызметтер - 15%-ға қымбаттады. Жылдық орташа инфляция 19,1% құрады.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы 5,8%-ке арзандады, май және тоң май - 1,8%, сүт өнімдері 0,4% қымбаттады.

Нан және жарма өнімдерінің бағасы 4,8%-ға, күріш - 35,4%-ға, макарон өнімдері - 1,7%-ға, ұн - 2,1%-ға өсті.

Жаңа піскен көкөніс өнімдерінің бағасы 1,5%-ға арзандап, жеміс бағасы 1,1%-ға, қант - 2%-ға, ет өнімдері 1,2%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бензин - 2%-ға, дизелдік отын - 6,8%-ға өсті. Жуғыш пен тазалағыш құралдар бағасының өсімі 1,8%, киім және аяқкиімге - 0,5%, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға - 0,7%, жеке гигиеналық тауарларға - 0,9% құрады.

Қызмет көрсетудегі төлем білім беруде 0,3%-ға, денсаулық сақтауда 0,9%-ға, мәдениет саласында - 0,6%-ға өсті. Шаштараздардың бағасы 1,3%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтерінің құны 3%-ға өсті.

Жолаушы тасамалы 2,9%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсетулерге баға мен тарифтер 0,1%-ға өсті. Суық судың құны 1%-ға, электр қуаты мен газ бағасы 0,2%-ға, кәріз жүйесіне 0,8%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 0,9%-ға өсті. Ыстық судың бағасы 1,3%-ға, қоқыс жинауға 0,2%-ға баға арзандады.