"Ұлттық валютадағы несиелер 2008 жылдың бес айында 0,2%-ға төмендеп, 4151,1 млрд теңгені, ал шетел валютасындағы несиелер 0,2%-ға өсіп, 3107,1 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде, 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда теңгедегі несиелердің үлес салмағы 57,3%-дан 57,2%-ға дейін кеміді", -делінген құжатта.
Ұзақ мерзімді несиелердің өсу ағымы байқалуда. Мәселен, 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 1%-ға өсіп, 5860 млрд теңгені құрады, ал қысқа мерзімді несиелер 4,1%-ға төмендеп, 1398,3 млрд теңге болды. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 79,9%-дан 80,7%-ға дейін ұлғайды.
Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген несиесі 2008 жылдың қаңтар- мамыр айларында 0,8%-ға төмендеп, 1494,2 млрд теңгені құрады.
Салалар бойынша алғанда, сауда (21,9%), құрылыс (17,9%), өнеркәсіп (9,5%), ауылшаруашылығы (3,2%) секілді салаларға несие берілуде.