Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2008 жылдың қаңтар айында ішкі валюталық нарықтағы жағдай тұрақтылығы сақталған. Ай ішінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы $1-ға 120,05 - 120,65 теңге көлемінде өзгеріп отырды. Ай соңында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ долларына 120,21 теңгені құраған.
Ұлттық банктің мәліметтеріне сүйенсек, қаңтар айында Қазақстан қор нарығындағы қосымша саудалардағы мәмілелерді ескергендегі биржалық операциялардың көлемі 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 31,4% төмендеп, 3,3 млрд АҚШ долларын құраған.
"Биржадан тысқары валюта нарығында операция көлемі 38,1% артып, 8,9 млрд АҚШ долларына тең болды", - деп көрсетілген хабарламада.