2008 жылдың сәуір айында шағын және орта бизнесті тексерулер саны 68%-ға азайды

"Егер 2008 жылдың наурыз айында 2007 жылғы наурызбен салыстырғанда тексерулер саны 43%-ға азайса, 2008 жылдың сәуір айында 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда шағын және орта бизнесті тексерулер саны 68%-ға азайды. Демек, шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған мораторий қарқындана бастады", - деді И. Меркель.

Бас прокурор орынбасарының айтуынша, шағын және орта бизнесті ең көп тексерулер санитарлық-эпидемилогиялық және өртке қарсы күрес қызметінің үлесінде. "Шағын ж"не орта бизнесті тексерулер аясындағы олардың үлесі шамамен 87% құрайды", - деді ол.

Сонымен бірге И. Меркель "қазіргі таңда тексерулер жүргізуге қатысты біртұтас мемлекеттік стандарт деген жоқ" екенін атап өтті. "Барлық ұйымдар тексерулерді өз көзқарасына сай жүргізе береді", -деді ол.

Осыған байланысты республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов индустрия және сауда министрлігіне 2008 жылдың қыркүйек айына дейін шағын және орта бизнес субьектілерін тексерудің мемлекеттік стандарттарын жасауды тапсырды, тиісінше, "келесі жылдан бастап, мораторий аяқталған соң тексерулер стандарт бойынша жүргізілуге тиіс".