2008 жылы әлемдік күріш өндіру рекорды жаңарады - ФАО

ФАО болжамдарына сүйенсек, жыл соңына қарай күріш, әсіресе, Азия, Африка мен Латын Америкасының елдерінде көп жиналады.

ФАО өткен жылдың желтоқсан айынан ағымдағы жылдың сәуіріне дейін күріш 76% өскеніне назар аударған. Сарапшылар күтіліп отырған жоғарғы өнімге қарамастан бұл өнім бағасы, тым болмағанда, биылғы жылдың үшінші тоқсанына дейін қымбат болып қала береде деп күтіп отыр. Әлемдік жеткізілім экспортқа шығарушы мемлекеттердің шектеулерінің арқасында азайған. Бүгінгі таңда мұндай шектеулерді Тайланд, Пакистан мен АҚШ ғана енгізбеген.