2008 жылы Арал өңірінің мемлекеттік қызметкерлерін шетелдерде оқытуға 50 млн теңге бөлінеді

"2008 жылы Арал өңірінің мемлекеттік қызметкерлерін шетелдерде оқытуға алғаш рет 50 млн теңге бөлінбек, себебі дүниежүзінің бәсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеттерін білікті мамандарсыз шешу мүмкін емес",- деп атап өтті Ж. Жылқышиева.

"2006 жылы біліктілікті көтеру үшін облыстық бюджеттен 10 млн теңге бөлініп, 6 мемлекеттік шенеунік шетелге оқуға жіберілсе, 2007 жылы осы мақсатқа 30 млн теңге жұмсалып, 29 адам оқуға жіберілген",- деді Жәзира Жылқышиева.

Сонымен қатар, аймақта "2006 - 2008 жылдарға арналған "Электрондық әкімшілік" құру бағдарламасы" жүзеге асырылуда. Облыстық әкімшіліктің мамандармен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісінің ақпараттарына сүйенсек, "осы үшін 20 сервер сатып алынып, біртұтас коммуникациялық орта құрылған. Осы желіге аудандық әкімшіліктердің де қосылу мүмкіндіктері пайда болды. Веб-портал режиміне қосылған Арал өңірінің толық электрондық картасы құрылды. Тоғыз кәсіпорын арасында электрондық құжат айналымы бағдарламасы енгізілген".