2008 жылы Әзербайжан мен Иран екі ГЭС құрылысын жоспарлап отыр

М. Аскеров атап өткеніндей, жоба бойынша, Әзербайжанның территориясында Ордубад, ал Иран территориясында Маразад стансалары салынады.

"2008 жылдың ақпанына дейін әр жақ техникалық экономикалық негіздемесін бекітіп, содан кейін ғана, құрылыс жұмыстары басталады", - деп мәлімдеді Аскеров.

Ал Әзербайжан, Иран және Ресейдің энергия жүйесінің қосылуы, Ресей мен Иранның кінәсінен кешіктіріліп жатыр. "Бұл жобаның орындалмауы Иран мен РФ қуат көздерін жеткізу жөнінде уағдаластыққа келе алмауында. Ресей жағы қуат көздерін алып-сату жағдайында жіткізуді алға тартса, Ирандықтар энергиямен алмасуды ұсынып отыр. Әзірге, екі жақ ешқандай келісімге келмегендіктен, келіссөздер жалғасуда. Ал Әзербайжан өз кезегінде бұл жобаны кез келген шарт бойынша іске асыруға дайын ", - деді М. Аскеров.

Иран мен Әзербайжан арасында Араз өзенінде жаңа ГЭС құрылыс салу жөнінде келісімі 2006 жылдың тамызында жасалды. Тиісті меморандумға Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Бакуге келген сапары кезінде қол қойылды .

Иран мен Әзербайжан арасында жасалған келісім бойынша, Ордубад ГЭС Әзербайжанның Нахчиван Автономия Республикасында салынады.

Әрбір ГЭС қуаттылығы 34 - 36 МВт.құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті