2008 жылы БАҚ-ның тіркелу процедуралы ырықтандырылады - ҚР СІМ

"Болашақ төрағалық етуге байланысты біз БАҚ туралы заңға енгізілетін бірлескен түзетулерге біз түрлі ұсыныстар енгізбекшіміз, сондай-ақ, онда ЕҚЫҰ ескертпелері де ескеріледі. Бұл 2008 жылы жасалатын медиалық заңнамаға қатысты жұмыстардың негізгі мазмұны болады. "Қазақстан үкіметі ЕҚЫҰ ұсыныстарын назарға алады"", - деді өз баяндамасында ҚР СІМ басшысы.

М. Тәжиннің ақпараты бойынша, Қазақстанда 8 мыңнан аса БАҚ тіркелген. Оның 80% жеке меншік иелігінде.

"ҚР үкіметі БАҚ қызметіне байланысты туындаған мәселерге жіті назар аударуда. Мәселен, Баспа іс-қызметі жөніндегі, сондай-ақ, БАҚ-тар арқылы жала жабу және қорлау бойынша жауапкершілікті күшейту жөніндегі заң жобалары кері қайтарылды немесе оларды шығару тоқтатылды. ЕҚЫҰ кеңсесінің өкілдерімен бірлескен үкімет БАҚ бостандығы бойынша БАҚ-тарда жалған қаралау ақпараттарын таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету мәселесін дәйектеуде", - деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.

М. Тәжиннің баяндамасында көрсетілгеніндей, Қазақстан БАҚ-тары өзін-өзі реттеу механизмдерін қолдап, оны дамытатын болады. Сол арқылы бүгінде туындап отырған түрлі мәселелер күн тәртібінен алынбақ.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 29 - 30 қарашада Мадридте (Испания) ЕҚЫҰ СІМК кезекті отырысы өтуде, онда ҚР 2009 жылы ұйымға төрағалық ету мәселесі талқылануда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті