"Ағымдағы жылдың тоғыз айындағы статистика көрсеткендей, қылмыстық істердің саны шамалы болса да өскен. Журналистер мен редакцияларды бедел мен ар-ұжданға шіркеу келтірді деп айыптау оқиғалары тұрақты әрі тез өсуде", - деді"Әділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева.
Атап айтсақ, ағымдағы жылы алты журналиске ғайбат айтты деген айып тағылса, екеуіне - жәбірледі, төртеуіне - ұлтаралық араздықты қоздырды деген айып тағылған. 60 БАҚ пен журналиске азаматтық-құқықтық талаптар, соның ішінде 50-іне ар-ұждан мен беделді қорғау жөніндегі шағымдар жасалған. Моральдық шығынды өндіріп алуға шағым берілген қаржы көлемі 355 млн 990 мың 1 теңгеге жетті, деп хабарла йды "Әділ сөз".