"Тапшылық 197,6 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 1,3% құрайды деп болжануда", - деді Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, 2008-жылы республикалық бюджетке аударылатын жалпы түсімдер көлемі 2 трлн 692,1 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің 17,7% деңгейінде болмақ. Ал кіріс 2 трлн 684,7 млрд теңгеге жетеді. Салық түсімдері 2 трлн 209 млрд теңге, салық емес түсімдер - 43,5 млрд, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8,7 млрд теңге болмақ. Даму бағдарламаларын қаржыландыруға арнап Ұлттық қордан бөлінетін трансферттер 341,4 млрд теңге көлемінде жоспарланған.
Бюджет шығындары 2 трлн 889,7 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімге шаққанда 18,9% деңгейінде болжанған. Ал әлеуметтік блокқа арналған шығындар 936,9 млрд теңге, немесе бюджеттің жалпы көлемінің 32,4% деңгейінде межеленген.