"Тамақ өнеркәсібі кластерінің негізі болып табылатын жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығын дамыту бойынша қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде 2007 жылы республиканың оңтүстік облыстарында 510 гектар жеміс ағаштары мен 695 гектар жүзімдіктер отырғызылды. Биыл тағы 3,3 мың гектар жерге осындай жемістер мен жүзімдіктер отырғызылады", - деді А. Буць.
Ол сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі республикада жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығын дамыту бағдарламасын жасағандығын еске салды. "Қазіргі уақытта жеміс-жидек пен жүзімді тұтынудың ұлттық нормасын отандық өнім бар болғаны 60 - 80 пайызға ғана қамтамасыз етіп отырғаны белгілі. Біз тиісті мемлекеттік қолдау болған жағдайда 2012 жылға дейін бұл мәселені шешетін бағдарламаны жасап шығардық", - деді Ауылшаруашылығы министрлігінің департамент директоры.