2008 жылы "GSM Kazakhstan" инвестицияларының көлемі 1 млрд доллардан аспақ

"Компания осы уақытқа дейін барлық аймақтарда 600 млн доллар көлемінде инвестиция жұмсады. Алда тағы да 200 млн доллардың инвестициясын игеру жоспарда бар. Сонымен 2008 жылы инвестиция көлемі 1 млрд доллардан аспақ",-деп мәлімдеді "GSM Kazakhstan" компаниясының қоғаммен байланыс менеджері Қуат Домбай.

Бұл қадамдар батыл маркетингтік науқандар жүргізіп, күннен күнге саны өсіп жатқан тұтынушыларымызға қызмет көрсететін бағаны төмендетуге мүмкіндік береді,-деп түсіндірді ол. Осыған дейін хабарлағанымыздай, "GSM Казахстан" компаниясы 1998 жылы қыркүйекте ұлттық телекоммуникациялық "Қазақтелеком" операторының қатысуымен құрылған болатын. Қазіргі кезде компанияның 3,5 миллионнан астам абонеттері бар. Бүгінгі таңда компания қызметін еліміздің 1035 қаласы мен елді мекеніндеде тұтынады, әрі негізгі авто жолдардың 85 пайызына жуығы қамтылған. Компания әлемнің 113 елінде 236 оператормен автоматты түрде байланысып роуминг қызметін көрсете алады. Ал GPRS-роуминг қызметі 32 елде 48 оператормен байланыса алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті