2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады

"2008 жылы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін ""ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ, "Газпром" мен "Өзбекмұнайгаз" арасында СВОП-операциялары арқылы 5 млрд текше метр көлемінде газ беру жөнінде келісім жасалды, бұл 2007 жылғыдан 20% артық", - деді С. Мыңбаев.

Оның мәліметінше, Қазақстан үшін жылдың бірінші жартысында газ бағасы былтырғы жылғы деңгейде қалады. "Бірақ жылдың екінші жартысында бұл баға қымбаттап, бір текше метріне шамамен $25 жетеді", - деді министр.

"Ал күз-қыс маусымында "ҚазТрансГаз" АҚ өзінің жер асты газ қоймаларына 765 млн текше метр табиғи газ сақтамақшы", - деді С.Мыңбаев.