2008 жылы Қазақстанда тарифтер үкіметтің қатаң бақылауы аясында өсетін болады - Мәсімов

"Биыл тарифтер үкіметтің қатау бақылауы аясында өсетін болады, ал халықтың кедей бөлігін әлеуметтік жағынан қорғау үшін үкімет нақты ұсыныстар енгізетін болады", - деді үкімет басшысы. "Әлеуметтік салаға қатысты мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын біз орындайтын боламыз", -деді ол.

Премьер-министр бұған қоса биыл алғаш рет "парламенттегі басымдық партияның үкіметі" мемлекет басшысына есеп беретінін атап өтті. Кәрім Мәсімов өткен жылы президенттің жолдауын жүзеге асыруға қажетті барлық заңдардың қабылданғанын атай отырып, парламент депутаттарына конструктивтік еңбегі үшін ризашылық білдірді.