"Биылғы оқу жылының ҰБТ тапсырмалары қазіргі мектеп бағдарламасы аясында ғана күрделіленеді.", - деп жауап берді И. Сағындықов журналистерге берген сұхбатында.
"Егер мектеп бағдарламасында күрделі тақырыптар қарастырылса, онда оған лайықты сауалдар туындайды. Ал егер ондай күрделі тақырыптар болмаса, онда олар болмайды", - деді ол.
"Біз тестілік тапсырмаларды құрастырғанда мектап бағдарламасының аясынан шықпаймыз. Қолдан оларды не күрделілендірмейміз, не жеңілдетпейміз", - деп қорытындылады өз ойын Ұлттық тестілеу орталығының директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті