"Қазақстан Республикасының барлық аймақтарындағы 60 үкіметтік емес ұйымнан тұратын коалиция Қазақстан Республикасында EITI жүзеге асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның барлық тараптарына осы бастаманың барлық критерийлері мен стандарттарын жүзеге асыру сәйкестілігіне қол жеткізуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қабылдауға шақырды", деп көрсетілген мәлімдемеде.
Баспасөз баянына сүйенсек, "аталмыш бағалаудың мақсаты мемлекет пен кен өндіруші компаниялардың EITI бағдарламасы аясында өздеріне алған міндеттемелерін орындау дәрежесін анықтау болып табылады. Біздің еліміздің халықаралық аренадағы беделі тұрғысынан алғанда, Қазақстан Республикасы бағалау қорытындысы бойныша EITI барлық талаптарына толықтай сай мемлекет мәртебесін алуы өте маңызды".
Осыған байланысты коалиция "тез арада шаралар қабылдауды", атап айтқанда, "Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін барлық қазба байлық өндірумен айналысатын компаниялардың (оның ішінде "Теңізшевройл" ЖШС-де бар) EITI-ді жүзеге асыру ісіне қатысуын қамтамасыз ету, EITI аясында алдын-ала өткізілген аудит мәліметтеріне негізделген, мұнай алумен қатар, тау-кен өндірісі кәсіпорындарының төлемдері туралы ақпаратты, 2005 - 2006 жылдарды қамтыған есеп беруді дайындау мен жариялауды ұсынып отыр.
Коалицияның пайымдауынша, сонымен қатар, EITI-ді жүзеге асыру бойынша жалпы жоспарды қайта қарау қажет. Бұған өлшемді индикаторларды, жүзеге асыру кестесін, қазіргі шектеулер мен кедергілер туралы ақпарат, сондай-ақ, оларды жою ұсыныстарын жоспарға енгізе отырып қол жеткізуге болады. Мұнымен қоса, жұмыс жоспары EITI-ді жүзеге асыру бойынша энергетика және минералдық ресурстар, қаржы, ақпарат және мәдениет, сондай-ақ, есеп комитетінің бірлескен жұмыстарының көрсеткіші болуы керек", - деп көрсетілген баспасөз баянында.
Мемлекеттік емес ұйымдар EITI аясында дайындалған есеп берулер туралы халықтың хабардар болуын жоғарылатуға арналған шығындарды Қазақстан Республикасының 2009 жылдың республикалық бюджеті туралы заң жобасына енгізуді ұсынып отыр. Олардың пайымдауынша, 2005 жылы үкімет, парламент, өндіруші компаниялар және "Мұнайдан түскен табыс - қоғам бақылауында" коалициясы қол қойған өзара сенім туралы меморандумды қайта қарау және кейбір тұстарын жөндеу қажет.
Коалиция жаңа меморандум аясында тәуелсіз салыстырушыны таңдау бойынша бәйгеге тек "Үлкен төрттік" компаниялардың қатысуы түріндегі шектеуді алып тастау керек. Мемлекеттік емес ұйымдар, сондай-ақ, "кеңес мүшелерінің алға түсуінің түсінікті және мөлдір механизмін жасай отырып, қызығушы тараптардың ұлттық кеңесі туралы қағиданы қайта қарауды және жөндеуді ұсынып отыр.
"Коалиция қызығушы тараптардың ұлттық кеңесі жанындағы жұмыс тобына Қазақстанда қазіргі EITI-дің жүзеге асырылу статусының тәуелсіз бағалау индикаторына сәйкестігін тексеруді және ұлттық кеңес мүшелеріне өз ойларын айтуды ұсынып отыр", - деп хабарланған баспасөз баянында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті