"Бюроның шешімімен қорытынды 15 қазанда таныстырылады", - деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова.
Заң шығару процедурасына сәйкес, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына қатысты қорытындыны мәжіліс пен сенат дербес жасайды, құжат бірінші және екінші оқылымда парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.