Бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес, 2005-жылы 65,6 млн. тонна, 2006-жылы - 72,2 млн. тонна, 2007-жылы - 79,3 млн. тонна, 2008-жылы - 86,9 млн. тонна мұнай өндіріледі деген жорамал жасалып отыр. Ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2005-жылы 61 млн. тоннаны, 2006-жылы - 62 млн. тоннаны, 2007-жылы - 64 млн. тоннаны, 2008-жылы - 68 млн. тоннаны құрайды.
Министрліктің болжамына сәйкес, экономиканың базалық даму болжамы бойынша, Қазақстанда мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 2005-жылы 56,9 млн. тоннаны, 2006-жылы - 60,9 млн. тоннаны, 2007-жылы - 64,9 млн. тоннаны, 2008-жылы - 68,9 млн. тоннаны құрайды. Бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес, 2005-жылы 58,6 млн. тонна, 2006-жылы - 65,2 млн. тонна, 2007-жылы - 72,3 млн. тонна, 2008-жылы - 79,8 млн. тонна мұнай экспортталмақ. Ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес, мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 2005-жылы 53,9 млн. тоннаны, 2006-жылы - 54,9 млн. тоннаны, 2007-жылы - 56,9 млн. тоннаны, 2008-жылы - 60,9 млн. тоннаны құрайды.
Экономика министрлігінің есебіне сенсек, мұнай және газ конденсатын ішкі тұтыну мөлшері 2005-2008-жылдары экономиканың базалық даму болжамы бойынша 7,1 млн. тоннаны, бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес 20005-2007-жылдары 7 млн. тоннаны, 2008-жылы 7,1 млн. тоннаны, ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес 2005-2008-жылдары мұнай және газ конденсатын ішкі тұтыну мөлшері 7,1 млн. тоннаны құрамақ.