"Аудит және мемлекеттік шығыстарды оңтайландыру бойынша ұсыныстарды жасау жөніндегі жұмыс тобы соңғы бір ай көлемінде бюджет шығыстарының шегін анықтау әдістемесін жасаумен айналысып, нәтижеге қол жеткізді", - деп еске салды Б. Сұлтанов.
Оның айтуынша, бұл әдістемені пайдалана отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстары оңтайландырылды. "Анықталған басымдық бағытындағы емес бюджет шығыстарын қоса есептегенде қайта бекітілетін шығыстарға қайта бөлуге ақша қаражаты босатылды. Бұл 2009 жылы 340 млрд теңге, 2010 жылы 144 млрд теңге және 2011 жылы 116 млрд теңге", - деп нақтылады министр.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің есептеулеріне сүйенсек, барлығын қосқанда республикалық бюджеттің қайта бекітілетін шығыстары 2009 жылы 506 млрд теңге, 2010 жылы 844 млрд теңге және 2011 жылы 1,2 трлн теңгені құрайды. "Бұл шығыстар лимитін тың бастамаларға бөлу бюджеттік комиссия биылғы жылдың шілде айында мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлар жобасын қарастыру барысында конкурстық негізде іске асырылады", - деп түйіндеді Б. Сұлтанов.