2009 жылдан бастап Қазақстан үй жануарларын диагностикалық зерттеуді жылына 55 млн-ға дейін ұлғайтпақ - Ауыл шаруашылық министрлігі

"Халықаралық індет бюросының бірқатар созылмалы (бруцеллез, туберкулез секілді) аурулар бойынша қойған талаптарына сәйкес індеттік ахуалды бағалау мақсатында жануарлардың барлығы жылына екі рет диганостикалық зерттеулерден өтуі керек", - деді А. Күрішбаев.

Халықаралық індет бюросының талаптарына сәйкес, өзге аурулар бойынша індет жағдайы жақсы болған жағдайда малдың 10 пайызы, ал асыл тұқымды шаруашылықтардағы малдар 100 пайыз қамтылып, жылына екі рет тексеріліп тұруы шарт.

"Осылайша, біз жылына 100 млн диагностикалық зерттеу жүргізуіміз қажет. Алайда, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан мал басының қамтылуы орта есеппен алғанда 20 - 25 пайыздан артылмайды", - деп атап көрсетті вице-министр бұл ауру малды толығымен анықтауға кедергі келтіретінін атай отырып. "Нәтижесінде қолайсыз індет жағдайына түрткі болып, өнімнің экспорты тежеледі".

"Осы себепті 2009 жылдан бастап Халықаралық індет бюросының талаптарын ескер отырып жылына 55 млн диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді ол.

А. ҚКүрішбаев сондай-ақ, республиканың зертханалық жүйесі қауіпсіздік деңгейі, заманауи құралдармен жабдықталуы, диагноз қою әдістемесі жөнінен халықаралық талаптарға сай келмейтінін атап көрсетті.

"Осы мәселені 2010 жылға дейін шешу үшін 11 облыстық және 115 аудандық модульдық зертханалар салу қарастырылған. Ол зертханалар толығымен материалдық-техникалық жағынан жабдықталады және оның мамандары алыс-жақын шетелдерде дайындықтан өтеді. Оның жалпы құны 16 млрд теңгені құрайды. Алайда биыл республикалық бюджеттен жоспарланған 9 млрд теңгенің орынына бар болғаны 2 млрд теңге бөлінді. Бұл, әрине, бұл нысандардың жоспарланған мерзімде аяқталуын кейінге шегереді", - деп түсіндірді вице-министр.