"Ірі селекциялық орталықтардың жанындағы селекциялық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін келер жылы селекциялық жылыжай кешендерінің құрылысы басталады. Ол сорттардың жасалуын 2-3 есеге жылдамдатуға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді А. Күрішбаев.
Ауыл шаруашылық министрі азық-түлік қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейінің негізгі талабы астық тұқымдастар мен майды дақылдарды және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты өндіру екенін атап көрсетті.
"Сондықтан, ауыл шаруашылық дақылдарының отандық селекциясын тұрақты түрде дамыту өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өзекті мәселе", - деп сөзін түйді министр.