"2009 жылы "Энергия үнемдеу туралы" жаңа заңы шығады. Қазір елімізде 1997 жылы қабылданған осындай заң бар, қазір ол жұмыс істемей отыр, себебі ол декларациялық сипатта", - деді М. Рамазанов.
Оның нақтылауынша, үкіметтің заң жобасын жасау жөніндегі жоспарында "Энергия үнемдеу туралы" жаңа заң жобасын 2009 жылдың сәуір-мамыр айларында жасау межеленген".
Сонымен бірге, М. Рамазановтың айтуынша, қазір ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділік жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын жасауда. "Бүгінгі жағдаймен электр қуатын өндіруші энергияны үнемдеуге мүдделі емес, өйткені, оның тауарына сұраныс бар, оны басқа ешнәрсемен алмастыруға келмейді. Сондықтан да бұл жаһандық мемлекеттік мақсат болмақ : энергия үнемдеу мәселесімен айналысатын құрылым қажет, уәкілетті орган қажет ", - деді ол.
Энергетикалық қадағалау комитеті төрағасының айтуынша, 2004 жылы үкімет осы тектес бағдарлама жасауға тырысқан, алайда, "ол кезде бағдарлама заңға бағынышты актілерсіз жұмыс істемейді деген ұғым болды". "Біз осындай нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындай бастадық, келесі жылы Қазақстанда қуат үнемдеу жөніндегі бірқатар арнаулы Құрылыс нормалары мен ережелері, Мемлекеттік стандарттар пайда болады, оларға қатысты жұмыстар қазір жүргізіліп жатыр", - деді М. Рамазанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті