Б. Рысқалиев хабарлағандай, жер қойнауын пайдаланушының Жылыой ауданының қажеттіліктеріне бөліп отырған қаражаты мәселесі Теңізшевройлмен бірлесе қабылданған шешім болып табылады. "Бірінші кезекте сумен жабдықтау және кәріз проблемасын шешіп алуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта оның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалу үстінде", - деп хабарлады ол.